Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде

"Kia иесінің нұсқаулығы" қосымшасы автокөлікті қалай қауіпсіз және тиімді пайдалану керектігін білуге, көлік жүргізу туралы пайдалы ақпаратпен танысуға көмектеседі.

Қосымшаны жүктеп алу

Қосымшадағы нұсқаулық

"Kia иесінің нұсқаулығы" қосымшасы жасанды интеллект технологиясын және мультимедиалық контентті (суреттер мен бейнелер) пайдаланады, бұл автокөлігіңіздің функцияларын түсінуге көмектесетін ақпаратты табуды жеңілдетеді. Бұл қосымша іздеу мүмкіндігі бар көлік иесінің толық сандық нұсқаулығын қамтиды.

info-picture
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Қосымшаның функционалы
  • 01
    Басқару элементтерін тану

    Егер смартфоныңыздың камерасын автокөлік салонындағы түймешеге, ауыстырып қосқышқа немесе басқа басқару элементіне бағыттасаңыз, интеллектуалды сканер тиісті символды таниды да, сол функцияның қолданылуын көрсететін бейнені ашады.

  • 02
    Бейненұсқаулық кітапханасы

    Автокөлік функциялары және оларды пайдалану туралы анықтамалық бейнелер тізімі.

    Іздеу және қарау үшін автокөлікте болу міндетті емес

  • 03
    Индикаторлар анықтамалығы

    Индикаторлар анықтамалығында автокөлігіңіздің аспаптық панелінде пайда болуы мүмкін ақпараттық және ескерту көрсеткіштерінің мәндері туралы ақпарат бар.

  • 04
    Көлік иесінің сандық нұсқаулығы

    Қосымшадағы көлік иесінің сандық нұсқаулығы автокөлігіңіздің жеткізу жиынтығынан алынған баспа нұсқаулығының мазмұнымен бірдей. Автокөлік туралы пайдалы ақпаратты табу үшін кілт сөздерді пайдалануға болады.

    Мысалы, белгілі бір функциямен жұмыс істеу туралы толық ақпарат және оған қажетті жағдайлар.

Автокөлікті қалай қауіпсіз және тиімді пайдалану керектігін біліңіз
photo